Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыға шетелден ПТР тесті жоқ 258 жолаушы келді

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 22:45 Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі әлемдегі эпидемиялық жағдайдың қайта ушығуына байланысты қала тұрғындарын шетелге шығуды тоқтата тұруға шақырады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауапты құрылымдармен бірлесіп тұрақты түрде елімізге шетелден келген азаматтарға мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әуежайында мегаполиске халықаралық рейстермен ұшып келген азаматтар арасында коронавирус инфекциясына тестілеуден өткені туралы анықтамасыз келгендерді анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Өткен аптада, 27 қазан мен 3 қараша аралығында шетелден Алматыға 7682 жолаушысы бар 51 әуе рейсі келді. Анықтамасы жоқ 258 жолаушы анықталған.

COVID-19-ға ПТР тест нетижесі жоқ барлық 258 жолаушы коронавирус инфекциясына зертханалық тексеру үшін карантиндік мекемелерге оқшауланды. Зерттелген 258 тестінің 219-ы теріс нәтиже көрсетсе, 39-ы тексерілу барысында.

Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын мүмкіндігінше шетелге сапарға шығуды уақытша тоқтатуды, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиялық шараларды: маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруға шақырады. Тәуекел тобындағы халыққа, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпау ұсынылады.

Әлемде эпидемиялық жағдай тұрақсыз, бірқатар елдерде ауруды жұқтырудың өскені тіркеліп отыр, осыған байланысты карантиндік режимді күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Ашық деректерге сәйкес, Испанияда ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап ТЖ режимі енгізілді, қалаларда коменданттық сағат жұмыс істейді. Францияда карантин-1 желтоқсанға дейін. Франция билігі коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының көбеюіне байланысты бүкіл елде осыған дейін енгізілген оқшаулау режиміне Парижде коменданттық сағат енгізуге ниетті. Германияда 2 қарашадан бастап бүкіл ел бойынша карантин енгізіледі. Австрияда 3 қарашадан бастап коронавирустың таралуын болдырмау үшін 30 қарашаға дейін екінші карантин басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: