Биыл Жаңаөзеннен Ақтауға 150 отбасы көшіріледі

Маңғыстау облысының ҚКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 22:50 Маңғыстау облысының ҚКО
Меморондум бойынша, комиссия өкілдері 600 тұрғынның өтінішін қарап, 150 адам іріктеледі.

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаровтың айтуынша, қыркүйектің 3-і мен қазанның 3-і аралығында құжаттар қабылданып, 600 тұрғын өтініш берген, деп хабарлайды zakon.kz.

– Жергілікті мұнай компаниясы мен әкімдік тарапнынан келісімшарт жасақталды. Бүгінгі күні қол қойған құжат дайын. Енді меморондум бойынша комиссия өкілдері 600 тұрғынның өтінішін қарап, 150 адам іріктеледі. Келесі жылы да 150 пәтер беру жоспарлануда. Айта кетсек, жалдамалы тұрғын-үй әлеуметтік осал топтың мүшелеріне, көп балалы жалғызбасты аналарға, ҰОС ардагерлеріне беріледі. Өткен жылы дәл осындай жалдамалы тұрғын үйге 8 млрд теңге бөлініп, 394 жаңаөзендік отбасы баспаналы болды, – деді Жаңаөзен қаласының әкімі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: