АҚШ-тың алты штатында сайлау жеңімпазы әлі анықталмады
АҚШ-та 3 қарашада өткен президент сайлауынан кейін әлі дауыстарды санау жүріп жатыр. Әзірге 44 штатында жеңімпаз анықталды. Кімнің жеңіске жеткені - алты штаттың дауыс беру қорытындысына байланысты болады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Аризона, Мичиган және Невадада соңғы мәлімет бойынша, демократтар атынан үміткер Джо Байден қазіргі президенттен шамалы алда келеді.
Дональд Трамп болса Солтүстік Каролина, Джорджия және Пенсильванияда алда келеді. Ол 2016 жылы дәл осы штаттарда жеңіске жеткен. 1992 жылдан бері Пенсильвания үнемі демократтарға дауыс беріп келген.
Өткен жолғы президент сайлауында Трамптың қарсыласы болған Хиллари Клинтон алты штаттың тек Невада штатында ғана жеңіске жеткен.
Сәрсенбі күні жетекші БАҚ дауыс беру нәтижесі негізінде Висконсин штатында Байден жеңіске жетті деп жариялаған. Бірақ дауысы Трамптан 1 процентке ғана артық. Трамп кампаниясы бұл штаттағы дауыстарды қайта санауды талап етеміз деп отыр.
Әзірге соңғы мәлімет бойынша, Байден 237 дауыс жинаса, Трампта – 213. Жеңіске жету үшін сайлаушылардың кемінде 270 дауысын алуы тиіс.
Associated Press мәліметінше, бұл сайлауда Демократиялық партия атынан үміткер Джо Байденге 70 миллион дауыс берген. Бұл рекордтық көрсеткіш. Бұл 2008 жылы жеңіске жеткен демократ Барак Обамаға берілген дауыстан да көп делінеді.