Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда көпқабатты үйдің ернеуінен сальто жасаған баланың кім екені анықталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2020 16:26 видеодан алынды
Әлеуметтік желіге бейнежазбаны баланың өзі салған. Ал оны сыныптастары түсіріпті.

Ақтауда көпқабатты үйдің шатырына шығып сальто жасаған баланың кім екені анықталып, әке-шешесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шатырдың ұшар басындағы ернеуіне шығып артқа қарай секірген жеткіншектің бейнежазбасы "Тик-Ток" желісінде тарап кеткен болатын. Атымды шығарамын деп ажалмен ойнаған бала ақырында ата-анасына айыппұл төлетіп тынды.

Әлеуметтік желіге бейнежазбаны баланың өзі салған. Ал оны сыныптастары түсіріпті. Абырой болғанда қасындағы балалар да дін аман. Құрдастарымен көп қабатты үйдің шатырына шыққан бала өзі ғана емес, қасындағылардың өміріне қауіп келтірді. Ал баласының түздегі тірлігіне бей-жай қараған ата-ана 27 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Құрылыс нысанына балалар аңғал-саңғал күйінде ашық тұрған шарбақтан кіріп кеткен. Қазір құрылыс алаңдарында күзет күшейтіліп, талапқа сай қоршалды.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы:

- Шатырда 5 бала болған. Барлығы – бір мектептің 5-сынып оқушылары. Бәрінің мекен-жайын анықтап, әке-шешелерімен сөйлестік. Осы оқиғадан кейін бүкіл мектептерге ювеналдық полиция, психолог және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен түсіндіру шараларын өткізіп жатыр. Ал шатырға шыққандардың ісімен ары қарай қалалық әкімдіктегі кәмелекте толмағандардың құқын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері айналысады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: