Жаңалықтар тізбегі
0

Қамбаш көлі тартылып барады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2020 22:02 видеодан кадр
Экологиялық апат алдында тұрмыз!

Бұл – Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылының тұрғындарының базынасы! Елді мекен маңындағы Қамбаш көлі Сыр өңіріндегі туризм саласы дамыған жер. Алайда, осы су айдыны соңғы екі жылдан бері тартылып келеді екен. Ал, жергілікті халық үшін бұл үлкен қауіп. Себебі тұрғындардың негізгі күн көрісі - балық шаруашылығы. Тіптен кейбір балықтарды көлден кездестіру де қиындап кетіпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының "Сыр маржаны" атанған Қамбаш көлінің бүгінгі жағдайы осы. Көлдің су деңгейі жағалаудан 250-300 метрге алшақтап кеткен. Төрт түлік мал бағып, балық аулап отырған жергілікті халықтың айтуынша, бұл дабылдың белгісі. Себебі, жақын арада көлдің тартылуы тоқтамаса, халыққа көшуден басқа амал қалмайды.

Қамбаш көлі осыдан 10 жыл бұрын ресми түрде туристік аймақ болып ашылған. Содан бері оған келушілер қатары күрт артқан. Ал, екі мың екі жүзден астам халқы бар Қамыстыбас ауылы тұрғындарының дені бұл жерден балық аулап, күндерін көріп келеді. Елді мекен жұртын бұл күнде көлдің тартылып бара жатқаны алаңдатып отыр.

Алдаберген Исаев, Қамыстыбас ауылының тұрғыны:

Судың деңгейі бұдан да төмен түсетін болса халықтың жағдайы төмендеп, келесі жылы судың химиялық құрамы өзгереді, тұздану көбейгеннен кейін малдардың да су ішетін көзі осы сондықтан халыққа қиын болады. Егер бұл осындай жағдайға алып келетін болса балықтардың азаюы, малдардың тұздылық көбейгеннен кейін білесіздер су іше алмауы, енді бір жылдан кейін уже үкімет басындағыларға "Нұрлыкөш" деген бағдарламалар бар ғой, соған сәйкес ауылды көшіру жолын іздеу керек қой.

Көлдің тартылып жатқанын алғаш болып осы жердегі балық питомнигі сезініпті. Су азайғандықтан көлге балық жіберуге арналған құрал-саймандарын қайта сатып алыпты. Деңгейі тағы түссе техникаларын жаңартуға мекеменің қауқары жеткіліксіз болады екен. Ауыл әкімі бұл мәселені халық қалауларына жеткіздік деп отыр.

Нұржау Дінмағанбетов, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі:

Біз әзірге тиісті орындарға жазбаша түрде берген жоқпыз. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Мұхамедовке осы басына әкеліп, көзін жеткізіп айтқаным бар. Яғни, Сенатта депутаттар алдында қозғалды ғой? Иә, ол кісі мақұлдап кетті. Мен өзім осыны көтеремін деп.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі инспекциясы болса көлдің тартылуының бірден-бір себебі, ол - Сырдария өзені суының егістікке көп мөлшерде жұмсалуы екендігін алға тартады.

Жұмахан Нұрсейітов, "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі "Арал-Сырдария бассейндік" инспекциясы РММ басшысының орынбасары:

Мысалы, кезінде Арал теңізі құрғады. Сол сияқты егер биылғыдай 90 мың гектар күріш егіле беретін болса онда Қамбаш та құрғайды. Сол себепті қазір барлығын ескере отырып, күріш көлемін азайтып, мейлінше суды сол көлдер, экологиялық жүйелерге, шабындықтарға, мал жайымдылыққа жіберу өте қажет. Енді барлығын баланс қылып бірдей жіберу керек қой, бір жағын кептіріп қоймай, екінші жағын суға бастырып қоймай.

Ал, мемлекеттік емес ұйымдар бұл мәселені республика деңгейінде шешу қажет дейді. Екі жыл бұрын облыс орталығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның су ресурстарына жауапты өкілдерінің кездесуінде осы мәселе көтерілген екен. Алайда ортақ келісімге келе алмапты.

Смағұл Сеитов, Қоршаған орта және Арал төңірегіндегі халықтың денсаулығын қорғау Қызылорда аймақтық орталығының директоры:

Қырғызстаннан келген өкілдер үстел басынан тұрды да, кете берді. Барлығымыз, Өзбекстан, Тәжікстан, және Түркменістаннан келген өкілдер қайда деп сұраған едік. Бізге миллиондап ақша төлемейіндерінше су жоқ деді. Енді осылай жасауға болады ма?

Бүгіннің өзінде Қамбаш көлінің маңындағы кішкентай көлдер тартылып кеткендіктен шөлейтке айналуына сәл-ақ алдында тұр. "Судың тапшылығы бірнеше жылдан соң үлкен масштабтағы экологиялық апатқа ұласуы мүмкін" дегенді растаған мамандар Үкімет басындағылар осы кезден қимылдаулары қажет дегенді айтады. Ал, демалушыларға арнап салынған Қамбаштағы үйлердің барлығы бүгінде қаңырап бос тұр. Бір жағы карантин, содан соң судың тартылуынан туристер ат ізін салмаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: