ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды", делінген Ақорда сайтында.
Талғат Мамыртайұлы Қойбақов 1963 жылы 2 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
1985 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған. 2002 жылы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын және 2011 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын тәмамдады.
Офицерлік қызметін Оңтүстік әскерлер тобында взвод командирі лауазымынан бастады.
1989 жылдың шілдесінен 1992 жылдың маусымына дейін – Түркістан әскери округінде взвод командирі.
1992 жылғы маусымнан 2000 жылғы желтоқсанға дейін – Республикалық гвардияда түрлі офицерлік лауазымдық қызметте болды.
2000 жылғы желтоқсаннан 2001 жылғы қаңтарға дейін – мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары.
2001 жылғы қаңтардан 2002 жылғы қарашаға дейін – жеке гвардиялық шабуылдаушы-десанттық бригаданың командирі.
2002 жылғы қарашадан 2005 жылғы тамызға дейін – мотоатқыштар дивизиясының командирі.
2005 жылғы тамыздан 2006 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті жауынгерлік даярлық басқармасы бастығының орынбасары.
2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы қыркүйекке дейін – "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы.
2007 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы қарашаға дейін – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы.
2007 жылғы қарашадан 2009 жылғы шілдеге дейін - "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы.
2009 жылғы шілдеден 2011 жылғы шілдеге дейін – РФ ҚК БШ Әскери академиясының тыңдаушысы.
2011 жылғы шілдеден 2012 жылғы ақпанға дейін – ҚР ҚМ ШБК Жауынгерлік даярлық және әскери қызмет департаментінің бастығы.
2012 жылғы ақпаннан 2016 жылдың маусымына дейін - "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы.
2016 жылдан 2017 жылға дейін - ҚР Қарулы Күштері Құрлық Күштері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) - ҚР Қарулы Күштері Құрлық Күштері Бас қолбасшысы кеңсесінің басты жауынгерлік даярлық дирекциясының бастығы.
2017 жылдан бері ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы.