ШҚО-да ПТР-анықтама алып үлгермеген жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады
алтайньюс
Қазіргі таңда ПТР-тес тапсырушылардың кезегі азайған.
ШҚО-да пойызға билетті алдын ала сатып алған жолаушылар билеттерін қайта өткізіп, ақшасын толық қайтара алады, деп хабарлайды zakon.kz Алтайньюске сілтеме жасап.
Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты "Алматы 2 – Өскемен 1" және "Нұр-Сұлтан – Өскемен 1" бағытындағы рейстердің саны қысқарды. Сондай-ақ, сапарға шығар алдында барлық жолаушыларға ең кемі үш күн бұрын ПТР-тест тапсыру қажет деген шарт қойылып отыр. Тест тапсырып үлгермегендер жолдан қалатыны анық. Сондықтан билеттің бағасы жолаушыға толық қайтарылады.
Айта кетсек, облыста жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың тестке зерттеу жүргізе алатын 10 зертхана қызметін үздіксіз атқарып тұр. Қосымша төрт жаңа талдау пункті ашылып отыр. Оның екеуі - Семейде, екеуі - Өскеменде. Қазіргі таңда ПТР-тес тапсырушылардың кезегі азайған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript