Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсеңгір ауылының қарттары ауыз суды арбамен тасып жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2020 23:08 видеодан кадр
Ауыл тынысы күн өткен сайын тарылып барады.

Алматы облысындағы Ақсеңгір ауылының тұрғындары алпыс жылдан бері ешқандай даму көрмедік дейді. Кеңес дәуірінде дүркіреп тұрған мекен қазір өлместің күнін кешуде. Таяқ ұстаған қарттар арба сүйреп әлі күнге дейін суға барады. Ал, екі қолға бір күрек таппаған жастардың басым бөлігі қалаға қарай қашады екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ауыл тынысы күн өткен сайын тарылып барады. Осылай деп шағымданған Ақсеңгір ауылының тұрғындары базыналарын кімге айтарын білмей дал. Бұрын кеңес дәурінінде дүрілдеп тұрған аумақтың бірі болыпты. Енді елеусіз қалдық деп, наразылықтарын білдіруде. Өйткені, ауыз судың зардабын тартып келе жатқандарына отыз жылдың жүзі болған. Әкімдік биыл жаңа құбыр орнатып тамыз айының соңында тіршілік нәріне қол жеткізесіңдер деген екен. Бірақ, құбыр келгенімен, жұрт әлі де бір тамшы су алып көрмепті.

Айжан Алымқұлова, Ақсеңгір ауылының тұрғыны:

Біздің ауыл тұрғындарының өтініші бойынша біз өтініш бергеннің арқасында бюджеттен ақша бөлінді. Бізге су құбырын жүргізді. Бірақ су берілмеді. Тамыздың 31-де су беріледі деп бізге жария жасаған. Ішкен суымызды тасып ішеміз. Жерден шығарып алатын мотор суының барлығы тұзды.

Мұнда мүмкіндігі бар жандар жеті метр жерден су қазып кәдесіне жаратып келген. Иісі қолқаны қабады, түрі де сап-сары екен. Осының кесірінен бүйректен бастап, бірталай ауруды тапқанымыз рас дейді ауыл қарттары. Артезин суы алыста болғандықтан, оны әкелудің өзі үлкен мұң. Сондықтан ыдыс жуып монша жаққанға осыны пайдаланамыз, дейді.

Айтдау Сукар, Ақсеңгір ауылының тұрғыны:

Зиян ғой мынау дегенің. Сап-сары ыдыстың ішінен ыдыс қоймайды. Жуып жатсаң әйтеуір кетеді. Кеткеннен кейін қайта сары болады. Бірақ, сасық иісі бар.

Негізінен бұл ауылда екі артезиан құдығы бар екен. Алайда, бірінің суы тартылып, лайға айнала бастаған. Енді жалғыз құдыққа күндері қарап тұр.

Қол арбасымен бір шақырымдай жүреміз деген көпшілік, дәл осы артезианнан келіп су алады екен. Маңайдағы жарамды тіршілік нәрі жалғыз осы ғана дейді. Кейбірінің үйінде қолқанат болар балаларының жоқтығынан, әзер жүрген қарттардың өзі осында келуге мәжбүр.

Жолдың да мәселесі мәз емес. Ойық-шұрық тесіктері жетерлік. Ал, бағаналардағы жарықтың жоғы ол басқа әңгіме дейді ауыл жұрты. Өйткені, жел тұрса жарық өшу бұл маңайда әдетке айналған. Жиі өшетіндіктен, балалардың онлайн сабақ оқуларына да қиындық тудырған. Тіпті, түнде тас қараңғыға айналатын ауылда балалар мен қарттардың жүруі қиын, дейді.

Талапхан Елуіш, Ақсеңгір ауылының тұрғыны:

Суы жоқ, жолы жоқ жердің қалай газы болады? Газ құбыры келіп тұр. Бірақ, енді ол жағын атауға ауызға ала алмай отырмыз. Жарық енді ол осы 70 жыл болған дүние екен өзі. Столбылардың астының бәрі шіріп тұр міне. Әсіресе, мына үлкен кісілердің дәрігерге көрінуі болсын, балалардың сабаққа барып қайтуы болсын бәрі күрделі жағдай болып кетті.

Бұл маңайдан екі қолға бір күрек таппаған жастардың көпшілігі қалаға барып, жұмыс істеуге кіріскен. Сондықтан, басым бөлігі қарт кісілер. Жетпісінші жылдары жайқалып тұрған аймақ бүгінде өлместің күнін кешуде. Ал, ауыл округының әкімі халық пен су тартатын мамандар тарифке келісіп, түсіндірме жұмыстары аяқталған соң, алдағы екі үш күнде дайын құбырдан су береміз деп отыр.

Ержан Қасымшалов, Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі:

Биылғы жылы ағымдағы жұмысқа бюджеттен қаражат бөлініп, бүгінге толық жұмыстары аяқталды. Арнайы адамдар келеді, Халыққа түсіндіреді. Сол бойынша жиналыс өткізіп, құдай қаласа екі-үш күндікте суды қосып халықты сумен қамтамасыз етеміз.

Ауыл басшысы сонымен қатар бұдан кейін газ бен жолдың мәселесін де қарастырамын деп отыр. Жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп халықтың пайдалануына жағдай жасамақ. Бірақ, тоқсаныншы жылдардан бері жағдайы нашарламаса жақсармаған көпшілік қазір бос уәдеге сенуден қалған. Сондықтан айтылған сөз дер кезінде орындалса деп тілейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: