Футболшы Бауыржан Исламхан шетелде допингпен ұсталды

championat.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 15:35 championat.com
Оның командасы бұл мәселеге қатысты әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханнан Азия Чемпиондар лигасында "Аль-Садд" командасына қарсы өткен кездесуден кейін алынған тестінен допинг табылды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz порталыны сілтеме жасап.

Азия футбол конференциясы бұл ақпаратты "Аль-Айн" командасы мен футболшының өзіне хабарлаған. Енді ол футболдан шеттетілуі мүмкін.

"Аль-Садд" - "Аль-Айн" ойына 18 қыркүйек күні Азия Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде өткен. Бұл ойында Исламхан 68-минут өнер көрсетті. Оның командасы Катар елінде 10 қыркүйектен бастап болған.

Сондықтан да допинг қазақстандық футболшының қанына осы кезде түсуі мүмкін. "Аль-Айн" командасы бұл мәселеге қатысты әлі нақты ақпарат берген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: