Жаңалықтар тізбегі
0

Бөлінген бюджет қаржысын игермеген министрліктердің аты аталды

BNews.kz BNews.kz
Олардың ішінде Қаржы министрлігі оқ бойы озық тұр.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны игермеген министрліктердің атын атады. Ақшаның уақтылы игерілмеуіне конкурстардың ұзақ мерзімге өткізілуі және атқарылған жұмыстар туралы актінің толтырылып, уақтылы өткізбеуі көбіне себеп көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%, республикалық - 99,7%, жергілікті бюджеттер - 98% орындалды. Республикалық бюджеттің шығыстары 11 трлн 284 млрд теңгені құрады, оның игерілмеген көлемі - 32 миллиард теңге, онда да оның 8 миллиард теңгесі үнемге жатады, сонда толық игерілмегені - 24 миллиард теңге, - деді Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Игерілмеген бюджет қаржысының ең көп мөлшері Қаржы министрлігіне тиесілі: 2 миллиард теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 1,9 миллиард теңге, Әділет министрлігі - 1,6 миллиард теңге, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - 1,2 миллиард теңге, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі - 1,1 миллиард теңге. Тендері өткізу және оның рәсімдерін жасау, яғни келісімшарттар жасау ұзақ мерзімді алады, одан соң атқарылған жұмыс бойынша акт толтыру да кешігеді; сотта мемлекет мүдделерін қорғау бойынша талап қою жұмыстарын жүргізу; қызметтердің, орындалған жұмыстардың нақты көрсетілген көлемі үшін төлем төлеу ақшаның уақтылы игерілмеуінің басты себептері болып табылады.

Жергілікті бюджеттің шығыстары 6,4 трлн теңгені, онда да оның орындалмаған көлемі 128 млрд теңгені құрады.

- Биыл өңірлерге 2,3 трлн теңге көлемінде мақсатты трансферттер ұсынылды. Алдын ала мәліметтерге сүйеенсек, 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 1,7 трлн теңге бөлінді, оның 98,2% -ы жұмсалды. Орындалмағаны - 31 миллиард теңге, оның ішінде 7 миллиард теңге үнемге жатады, сонда таза игерілмегені - 24 миллиард теңге, - деп атап өтті Қаржы министрі.

Өңірлер бойынша бюджет ақшасын уақтылы игермеуде Ақтөбе облысы аллда тұр: 3,2 млрд теңге, Алматы - 3 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан облысы - 2,5 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысы - 2,3 млрд теңге, Түркістан облысы - 1,9 млрд теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: