100 мың теңге салыңыз, екі айда 200 мың етеміз – ШҚО-да онлайн пирамида әшкереленді
ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінде жыл басынан бастап қаржы пирамидасына қатысты бірнеше факт тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта департаменттің өндірісінде 3 адамға қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қылмыстық іс тергелу үстінде. Олар "WhatsApp" желісі арқылы топтар құрып, алғашқы жарна бойынша алдымен ақша салып, кейін үстіне пайыз қосып қайтарамыз деп уәде берген.
Мәселен, егер осы жобаға ақша салған адамдарға 100 мың теңге салсаңыз, оны екі айдың ішінде 200 мың теңге етіп қайтарамыз деп уәде берген. Қазіргі уақытта 113 жәбірленуші анықталып отыр. Алайда, қаржылық пирамиданың жүйесі бойынша алғашқылары ғана ақшаларын үстемелеп алған. Кейінгілердің салған қаражаты қайтарылмаған.
ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті, азаматтарға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны және қызметін жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабына сәйкес осындай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін мал мүлкін тәркілеумен жазаға тартылады.
Егер сізге қаржы пирамидасының қызметіне қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, Департаменттің 8 (7232)-29-56-51 сенім телефоны немесе Өскемен қаласы Новаторов көшесі 7/2 мекен жайына хабарласуларыңызды сұраймыз.