Алматыда әуе апатынан опат болған генерал Қайдаровтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы "Генералдар Кеңесі" РҚБ Президиумының төрағасы Рүстем Қайдаровтың құрметіне мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.
Мемориалдың ашылу салтанатына Алматы әкімі аппаратының басшысы Т. Сәрсенбаев, Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қ. Таймерденов, Р.Қайдаровтың туыстары және құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген қызметкерлері қатысты.
Рүстем Есімханұлы Қайдаров – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО ІІМ- нің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құрметті ардагері.
Мемориалды тақта Р .Қайдаров тұрған Мәуленов көшесі,120 үйге орнатылды.