Алматылық әйел 4 ай бойы коронавирустан жазыла алмай жүр
Pixabay
Сондай-ақ қалада шетелден КВИ жұқтырып келген тұрғындар да бар.
Алматыда коронавирус инфекциясының қайта жұғу жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен коронавирусты ұзақ уақыт тасымалдау фактілері бар. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- Бір жағдай болды - коронавирусты ұзақ уақыт тасымалдаған науқас бойынша. Ол маусым айында КВИ диагнозы белгілерімен ауруханаға келіп, тексерілгенде талдау оны растады. Ал тамызда тексерілгенде тағы да тест оң нәтиже берді. Содан кейін оның жағдайы жақсарып, үй карантиніне жіберілген. Қазан айының соңында әйел тағы ПТР-тест тапсырғанда қайтадан КВи анықталды, әрине белгісі білінбейтіні. Бұл жағдай ұзақ мерзімді вирус тасымалдаушы ретінде қарастырылады, - деді Бекшин.
Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер халықаралық рейстер ашылғаннан бері 6 қазаннан бастап осы уақытқа дейін Алматыға 300-ге жуық рейс келгенін айтты.
- Алматыға жеткен жолаушылардың ішінде 39 жағдай анықталды, негізінен біздің отандастарымыз Мысырда (14 жағдай), Түркияда (13 адам) демалысқа барғанда ауру жұқтырды. БАӘ-ден 7 жолаушы, ал Беларусь елінен 5 адам КВИ жұқтырып, ұшып келді (оның 1-уі Еуропадан), - деді Бекшин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript