Жаңалықтар тізбегі
0

Тойға барғыш Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 16:16 видеодан кадр
Күрделі кезеңде елге үлгі болады-ау деген директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып отыр.

Семей қаласындағы көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың қаладағы тойлардың біріне қонақ ретінде қатысуы соңғы екі күн ішінде қызу талқыланған жаңалықтардың бірі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Соған байланысты ШҚО білім басқармасының басшысы С.Жұмәділова түсінік берді:

ШҚО білім басқармасының тапсырмасы бойынша облыстың барлық колледждері жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық шараларын қабылдады. Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 6 колледжде ғана тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаментімен келісім бойынша оқу жылы барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталды. Колледждер тарапынан студенттер мен колледж қызметкерлерінің денсаулығын қорғауды сапалы ұйымдастыру үшін санитайзер, тепловизор, антисептик және т. б. қажетті құралдар сатып алынды

Қалған колледждер оқу жылын қашықтықтан немесе аралас форматта бастады. Бұған қажетті дайындық та жүргізілді. Білім алушылардың, педагогтардың және колледждердің басқа да қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды.

Осындай қиын кезеңде студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселесі білім беру мекемелерінің басшылығымен өткізілетін жиналыстардың күн тәртібінде қаралатын негізгі әрі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Мұндай күрделі кезеңде барлық жұмысшылар мен студенттерге үлгі болып табылатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып отыр. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Жұмысқа шыққанан кейін, оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.

Осыған орай, оқытушылар қауымын қолданыстағы шектеулерді сақтауға, сондай-ақ қашықтықты сақтаудың, бетперде киюдің және санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсетуде белсенділік танытуға шақырамын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: