Жаңалықтар тізбегі
0

Экологтар Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына қонақ үй салуға қарсы үдере көтерілді

National Geographic Qazaqstan, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 16:30 National Geographic Qazaqstan
Бұл аумақтың топырағына дейін аса сезімтал екенін түсіну керек. Құрылыстағы ауыр техника қайталанбас табиғатты бұзуы әбден мүмкін.

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалындағы құрылыс басталмай жатып басы дауға қалды. Жеке меншік инвесторлар әкімдіктің қолдауымен Маңғыстаудың басты символы саналатын Бозжырада сафари-қонақ үй салады деген хабар тарай сала қоғам белсенділері дүрлігуде. Бірегей табиғи аумақтың келбетін бұзып, тарихтан ақша жасамақшы дегендер құрылысты тоқтатуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандағы ең жұмбақ әрі қызықты орындардың бірі - Бозжыра саяхатшылар онсыз да мыңдап келетін жер. Табиғаты бірегей әрі тартымды жыраға инвесторлар сафари-қонақ үй саламыз деп құлшынып отыр. Оны "турист тарту" үшін таптырмас идея деп әкімдік те қолдай кеткен. Тіпті, осы мақсатқа 84 гектар жер де беретін болған. Бірақ, бұл жоба табиғат жанашырлары мен экологтардың қарсылығына ұшырады.

Кирилл Осин, эколог:

- Бұл аумақтың топырағына дейін аса сезімтал екенін түсіну керек. Құрылыстағы ауыр техника қайталанбас табиғатты бұзуы әбден мүмкін. Оның әсерін қаншалықты тексергенін біз білмейміз. Оның үстіне жол салып, газ, су жүргізетін болса әрі-беріден соң ол жердегі жануарлар әлеміне кедергісін тигізуі мүмкін ғой.

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығындағылар да экологтардың сөзін қолдайды. Шатқалға қонақ үй саламыз деген жындының сандырағы деген олар қорықты да құртып бітеді дейді. Қызыл кітапқа енген уриал, қарақұйрық пен қарақал сияқты жануарлардың көбеюіне кесірін тигізеді екен. Басты себеп Бозжыра тұрған үстірт ЮНЕСКО тізіміне енуге шақ тұр. Ал, ЮНЕСКО-ның басты талабы – бүлінбеген табиғат екенін ескерсек, коммерциялық нысан салынса ұйымға кіргізу жоспары құрдымға кетеді дейді белсенділер.

Павел Худяков, Маңғыстау бойынша эко-тур ұйымдастырушы:

- Бозжыра – бірегей рухы бар, сирек магия тұнып тұрған жер. Көптеген турист осы қалпында көру үшін ғана келеді. Мұнда қонақ үй немесе басқа да коммерциялық нысан салатын болсақ біз турист тартпаймыз, қашырып алуымыз мүмкін. Сондықтан, осы күйінде сақтайық.

Бұл құрылыстың басталуына экологтар, қоғам белсенділері мен жергілікті тұрғындар түгілі, шетелден келген туристтер де қарсылық танытып жатыр. Ал, әкімдіктегілер болса қоғамдық тыңдау болмай ешқандай да құрылыс салынбайды деп сендіреді. Жалпының пікірін білу бізге де аса маңызды деген шенеуніктер турист тарту үшін қосымша құрылыс аса маңызды деп отыр.

Есенқос Әділбаев, Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Ол туристер енді қазір біздің Маңғыстаудың жаңағы жақсы, әдемі жерлерімен қыдырады. Қыдыру себептері ол ертең жабайы турист боп есептеліп кетеді. Яғни, оған арнайы туристік нысандар қажет болады тиісті. Әйтпесе тиісті жағдай болмаса туризм табиғатқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Маңғыстау әкімдігі Бозжырадағы қонақ үй құрылысы бойынша жуық арада қоғамдық тыңдау ұйымдастырмақ. Ал, қалай болса да киелі жердің үстінде құрылыс жүргізуге қарсымыз дегендер өздерінің пікірімен бөлісті. Яғни, нысанды таудың тура етегінен емес, 20 шақырым арыдан қазақи киіз үй тігіп, қонақтарын күте берсін деп отыр. Сонда, өгіз де өлмейді, арба да сынбайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: