Шығыс Қазақстанда 17 санитарлық бекет орнатылды

ШҚО коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 23:28 ШҚО коммуникациялар қызметі
Шектеу шаралары Шығыс Қазақстанның барлық аумағында 25 қарашаға дейін ұзартылды.

ШҚО ТКҚСҚБ басшысы міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев санитарлық бекеттердің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

1 қарашадан бастап аймақта облыстың сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін 15 санитарлық бекет өз жұмысын жалғастыруда. Үш бекет Алматы, біреуі Қарағанды және екеуі Павлодар облыстарымен шектесетін аумақтарда орналасқан. Сондай-ақ, 2 бекет ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін "Ауыл" және "Уба" өткізу бекеттерінде және 7 бекет Өскемен қаласы бойынша орнатылған.

10 қарашадан бастап "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу бекеттеріндегі тағы екі санитарлық бекет өз жұмысын бастады.

Айта кетейік, облыс ішілік автобустардың, шағын автобустардың және өзге де жолаушылар тасымалының қозғалысына тыйым салынды.

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов, Глубокое ауданының Опытное поле, Ушановское және Белоусовка кенттері бойынша қатынайтын маршруттар тоқтатылған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: