Жаңалықтар тізбегі
0

Ереванда митинг. Пашинянға "кет" деп жатыр

Известия, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 17:50 Известия
Акция кезінде полициямен қақтығыс болып, бірнеше демонстрант қамауға алынды.

Ереванда оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның қызметтен кетуін талап етіп, митингіге шықты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін халықты наразылық акциясына шығуға 17 саяси партия шақырған.

Ел астанасының орталығындағы Еркіндік алаңына жиналған мыңдаған адам Пашинянның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату бойынша үш тарапты келісімге қол қойғанын айыптап, оның қызметтен кетуін, парламенттің шұғыл жиналыс өткізуін талап етті.

Пашинян бейбіт келісім — жағдайдан шығудың ең дұрыс жолы болғанын, болмаса Әзербайжан Таулы Қарабақты толығымен иеленіп алмақшы болғанын жеткізді.

Акция кезінде полициямен қақтығыс болып, бірнеше демонстрант қамауға алынды.

10 қарашада Армения, Әзербайжан және Ресей Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттерін тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванда жаппай нарызылық акциясы басталып, оның қатысушылары үкіметтің және парламенттің ғимараттарына басып кірген.

Үш тарапты келісімге сәйкес, Әзербайжан соңғы жанжал кезінде өз иелігіне алған Таулы Қарабақтағы және оның айналасындағы жерлерді сақтап қалады.

Бейбіт келісімге Әзербайжанның қарулы күштері алты аптадан бері жалғасып келе жатқан жанжалда тарихи жерлерін қайтарып алғанын жариялаған тұста қол қойылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: