Алматыдағы алғашқы қар. Әкімдік есеп берді
Алматы қаласы әкімдігі
Түні бойы қалада қалыңдығы 4-7 см, таулы аймақтарда 10-12 см қар жауды.
Алматыға түскен алғашқы қарды тазалаудың машақаты туралы әкімдіктегілер есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.
12 қарашада Алматыда жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Мамандардың айтуынша, түні бойы қалада қалыңдығы 4-7 см, таулы аймақтарда 10-12 см қар жауды.
Қар жауа бастағаннан бастап жолдарда мұз қатпас үшін көктайғаққа қарсы материалдар жолдарға, қиылыстарға, жол орамаларына себілді, сонымен бірге қарды сыпырып отырды. 13 қарашада таңғы сағат 06: 00-дегі жағдай бойынша, 1 487 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Сондай-ақ, тротуарларды, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ орындарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 567 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде 174 құм себуші және 1485 жол жұмысшысы бар. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлады әкімдіктегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript