Еуропалық одақ коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинадан неге бас тартқандарын түсіндірді
Еупопалық одақ (ЕО) коронавирусқа қарсы еуропалық компаниялар жасаған вакциналарды қолданбақшы. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Еуропалық комиссияның ресми өкілі Эрик Мамер журналистердің қойған сұрағына берген жауабында айтты, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
- Біздің стратегиямыз Еуропалық Одақта вакцина өндіретін компанияларға бағытталғанын бірнеше рет түсіндірдік, - деді ол.
Сонымен бірге, ЕК өкілі Брюссель коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеумен айналысатын әртүрлі компаниялармен келіссөздер жүргізуді жалғастырып жатқанын баса айтты.
Бұған дейін Венгрияның ресейлік Sputnik V вакцинасын сатып алу бойынша Ресеймен параллель келіссөздер жүргізіліп жатқандығы туралы айтылған. Бұл ретте Еуропалық комиссияның өкілдері ресейлік вакцина ЕО вакцинациясының стратегиясына енгізілмегенін атап өтті (онда вакцина өндіретін батыстық өндірушілер ғана бар). EО Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігінің кез-келген шетелдік вакциналарды сертификаттау қажеттілігін талап етеді, бірақ кейбір жағдайларда "вакциналарды ЕО елдері ұлттық деңгейде сертификаттауы мүмкін" екен, бұл Венгрия мен басқа елдерге Ресей вакциналарын сатып алуға жалпы мүмкіндік бере алады.