Жаңалықтар тізбегі
0

Шағын несие үлкен іске бастады: батысқазақстандық кәсіпкерге көмек дер кезінде жетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 16:40 zakon.kz
Жалпы, өңірде, жыл басынан бері бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 18,5 мыңнан астам адам қамтылды.

"Қалауын тапса, қар жанады". Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданына қарасты Тасқала ауылының тұрғыны Серік Латиев ниет болса, әркімнің өз ісін аша алатынына сенімді. Себебі оған кейіпкеріміздің тікелей бастан өткергені дәлел. Ол Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқылы шағын бизнесінің ауқымын кеңейтті.

Кәсіпкер азамат бірнеше жылдан бері туған ауылында кір жуатын орынға жетекшілік етеді және аталмыш нысанның қызметі елдімекен тұрғындары арасында зор сұранысқа ие. Биыл іскер жан бизнесін дамыту туралы ойлана бастаған. Осылайша көп созбай, киім жуу, үтіктеу және химиялық тазарту, жастықтарды кірден арылтып, қалпына келтіруден басқа, кілем жуу бағытын енгізіп үлгерді. Алайда мұндай қадамдарға қаржының қажет екені анық. Бұрындары алған қарызын мерзімінен бұрын жауып тастап, ешкімге қол жаймауға тырысқан кәсіп иесі осы жолы мемлекет көмегіне жүгінуге бел буған.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында мен 4 миллион теңге көлемінде шағын несие алдым. Тиісті ақшаға жастықтарды тазартуға арналған жабдық сатып алдым, кір жуатын және кептіретін машиналарды жаңарттым, тапсырылған заттарды тұтынушының мекен-жайына жеткізуді ұйымдастыруға жол ашылды. Енді кілемдерді сығуға арналған бөлшекті сатып алу жоспарда бар. Жылдық 6%-бен 5 жыл мерзімге берілетін шағын несие шарттары өте қолайлы екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, 12 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған, - дейді Серік Латиев желпініп.

Кәсіпкердің меншігіндегі кір жуатын орын мемлекеттік мекемелерге, дәмханаларға тоқыма бұйымдарын жуу қызметімен де айналысады. Жеке адамдар тарапынан да сұраныс жағы саябырламауда. Кәсіпкердің айтуынша, жақын арада ол облыстың басқа аудандарында жұмысын бастауға бекінуде. Өйткені бұл бағытта бәсекелестер қатары қалың емес. Демек әрекеттеніп көруге болады..

Түсінгенім, сүйікті ісіңе шын көңілмен, жан-тәніңмен ден қойсаң, нәтижесі де ұзақ күттірмейді екен. Қол қусырып отырмай, мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді барынша пайдалану керек. Мен үшін бұл қолдау өте маңызды болды, - дейді батысқазақстандық кәсіпкер ағынан жарылып.

2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, облыста "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" екінші бағыты тұрғысында, құны 3,3 млрд теңгеден астам 750 несие табысталды. Қаржының басым бөлігі ауыл тұрғындарына бұйырды.

Бұдан тыс, 1724 адам жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алды. Оның 57,3%-ы ірі қара мен ұсақ мал бағуға жараса, 18,9% - құс шаруашылығын дамытуға, 23,8% - кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарастырылған.

1219 адам "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренді.

Жалпы, өңірде, жыл басынан бері бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 18,5 мыңнан астам адам қамтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: