Жаңалықтар тізбегі
0

ІІ-тоқсан: Мектепте білім алу ережесі өзгерді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 17:24 видеодан алынды
Алматы қаласында ІІ-тоқсаннан бастап, қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша, төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады.

Бүгіннен бастап Алматының мектептерінде 5-сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды. Алайда өтініш білдірген оқушылардың бәрі бірдей мектепке бара алмайды. Кезекші сыныпқа барудың өз талабы бар, деп хабарлайды "Хабар-24".

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Қазір біз Жетісу ауданындағы №112 жалпыға білім беретін мектепте тұрмыз. Бұл - 5 сыныптармен бірге бастауыштың кезекші сыныптары дәстүрлі форматта білім алып жатқан жалғыз мектеп. Бүгіндері мұнда 5-сыныптың 45 баласын қамтитын 4 кезекші сынып ашылған. Мұнда балалар мектептке кіре берісте арнайы дизенфекциялаушы құрылғыдан өтіп, дене қызуын өлшетеді. Айта кетсек, жалпы қала бойынша 5-сыныпта сабақ оқуға ата-аналардан 600-ден аса өтініш келіп түскен. Бірақ барлық бала кезекші сыныптарға бара алмайды. Оның өз талабы бар.

Салтанат Құсайынова, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Жалпы, кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында жалпы ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептерде сабақ штаттық жағдайда басталды. Енді ІІ-тоқсаннан бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады. Бала саны 300-ге толмаған мектептерге рұқсат етілді.

Жалпы, қала бойынша мектептерде 1597 кезекші сыныптар ашылған, оларда 20 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: