Елімізде күн күрт суытып, 26 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
24.kz
Толассыз қар жауады деп күтіледі.
"Қазгидромет" РМК 17-19 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Самарадан ойысқан солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның ауа-райына әсерін тигізуді жалғастыра береді. Кейбір жерлерде, әсіресе оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда толассыз қар жауады деп күтілсе, солтүстік облыстарда антициклонның әсерінен күн 18-26 аяз болады, ал оңтүстік облыстарда 5-15 градус аяз күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады деп күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript