Мұғалімдердің жалақысын қысқарту деген болған жоқ - вице-министр
zakon.kz
Әр жағдайды жекелей зерттеп, бөлек қарастыру керек.
Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысының қысқарғаны туралы білмейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Брифинг барысында журналисттердің бірі лауазымды тұлғадан қашықтықтан оқытуға байланысты жалақысы қысқартылған мұғалімдерге не істеу керектігін сұрады.
- Мұғалімдер әлеуметтік желілерде қашықтықтан оқытудың кесірінен жалақы қысқарды деп шағымданады, дегенмен министр ешқандай қысқарту болмайды деген. Мұғалімдер сонда не істеуі керек? Сұрақ осындай сипатта қойылды.
- Министр жалақыны қысқарту деген болмайды деген. Әр жағдайды жекелей зерттеп, бөлек қарастыру керек. Егер нақты бір жағдай бойынша нақты жайт алға тартылса, біз оны реттеп, одан қорытынды шығарамыз және осы проблемалар бойынша ұсыныстарымызды жариялаймыз, деп жауап берді Биғари бұл сауалға.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript