Жаңалықтар тізбегі
0

Ата-аналар балаларының үй тапсырмасын орындап үлгермейтіндігіне шағымданды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 19:12 Pixabay
Екінші ауысымдағы оқушылар үй тапсырмасын өткізуі тиіс кезде әлі сабақта отырады.

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мұғалімдердің оқушыларға қалай баға қоятынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақ мектептің оқушыларының ата-аналары үй тапсырмасына баға күнде қойылып отыруы керек деп шағымданды. Осыған байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар үй жұмыстарын кешкі 19:00-ге дейін тапсыруы керек, ал бұл кезде оларда Zoom арқылы әлі сабақ өтіп жатады.

- Барлық білім беру ұйымдары "Күнделік" ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Бағаларды мұғалімдер БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша автоматты түрде қояды. Мұғалім күн сайын балл қояды. Дәл сол баллдары көшіріледі. Сондықтан бағаларға күн сайын баға қою дегеннің өзі мүлдем дұрыс емес, - деді ол.

Оның айтуынша, қашықтықтан оқыту кезеңіне бағалаудың жаңа уақытша түрі енгізілуде, өйткені бұл форматпен кері байланыс орнату өте қиын.

- Мұғалімдер оқушылардың күнделікті жетістіктерін форматты тапсырмалар түрінде бағалауы керек. Соның негізінде ұпайлар беріледі, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: