Жаңалықтар тізбегі
0

12 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік қызметкер алғаш рет тестілеуден өтеді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 22:02 pixabay.com
Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкердің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті сапалардың болуы мен деңгейін анықтау үшін психологиялық тест арқылы жеке сипаттамаларды өлшеу қарастырылған.

Ағымдағы жылғы 30 қарашанан 5 желтоксанга дейін аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорларын, жұмыспен қамту орталықтарының директорларын, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілерін тестілеуден өткізеді. Жалпы алғанда 12 мыңнан астам адамды тестілеу жоспарлануда.

Тестілеу заңнамалық актілерді, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлердің этикасына қойылатын талаптарды білу деңгейін анықтауға бағытталған.
Тестілеуден өтушілерге негізгі блокта заңнаманы, этикалық талаптарды білуге және практикалық міндеттерді шешуге арналған сұрақтар қойылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкердің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті сапалардың болуы мен деңгейін анықтау үшін психологиялық тест арқылы жеке сипаттамаларды өлшеу қарастырылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 22:02

Осыған байланысты, мұндай тестілеу ел ауқымында алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, ҚР Еңбекмині шекті балл жинай алмаған адамдарға қатысты санкциялар қолданбайды. Шекті балл ала алмағандар үшін оқыту семинарлары мен қайта тестілеу ұйымдастырылады. Жоғары нәтижелермен ерекшеленетіндерді кейіннен лауазымын жоғарылату, республикалық және облыстық маңызы бар жобаларға қатысу үшін сарапшылар ретінде тарту үшін кадр резервіне қосу жоспарлануда. Сондай-ақ олардың кандидатуралары ҚР Еңбекмині жанындағы Әлеуметтік жұмыс жөніндегі сараптамалық кеңеске және өзге де жауапты қоғамдық қызметтерге енгізу үшін ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, тестілеу қорытындысы бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген адамдар үшін әлеуметтік жұмыстың озық технологиялары бойынша арнайы семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.

Бұл жобаны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының және Unicef Kazakhstan қолдауымен іске асыруда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: