19 қарашада телеарналар мен радиолар уақытша жұмыс істемейді
ҚР ИИДМ
Телерадио хабарларын тарату желісіндегі жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүзеге асырылуына байланысты.
19 қарашада Қазақстанда теледидар мен радиолар уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ИИДМ "Қазтелерадио" АҚ-ға сілтеме жасай отырып, жердегі цифрлық, аналогтық және спутниктік телерадио хабарларын тарату желісіндегі жоспарлы профилактикалық және жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізілетіндігі туралы хабарлады.
Телерадиохабар тарату ісі 2020 жылдың 19 қарашасында таңғы сағат 3: 00-де тоқтатылады. Қазақстандық телерадио эфирлерінің таралуы ісі жоспарланған жұмыс атқарылып болған соң 19 қараша күні сағат 17.00-де қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript