Биыл шетелден келген 11 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2020 20:49 24.kz
1991 жылдан бері республикамызға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1991 жылдан бері республикамызға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8%-і Өзбекстаннан, 9,1%-і Түрікменстаннан, 3,4%-і Моңғолиядан және 2,9%-і басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: