Көлгінов Елбасыға астананың даму барысы жайлы баяндады
Елбасы сайты
Елбасы халықтың әлеуметтік осал топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін пандемия жағдайында қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz .
Кездесу барысында Елбасы халықтың әлеуметтік осал топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін пандемия жағдайында қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.
Өз кезегінде Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт салалары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының қызметкерлері үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысы туралы есеп берді, - делінген Елбасы сайтында жарияланған хабарламада.
Елорда әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымын, әлеуметтік жобаларын дамыту, тұрғын үй аудандарын абаттандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript