Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 03:41 Ақорда
Хаттамада уағдаласушы мемлекеттердің Еуразиялық патенттік ұйымдағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласы бойынша функцияларын кеңейту көрсетілген.

Мемлекет басшысы "1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заң жобасы 3 қарашада Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Хаттамада уағдаласушы мемлекеттердің (Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Түрікменстан) өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Еуразиялық патенттік ұйымның 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенциясында көзделген функцияларын кеңейтетіндігі көрсетілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: