Мемлекет басшысы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға қол қойды

Өнеркәсіптік саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 19:21 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, делінген Ақорда хабарламасында.

Заң жобасында 30-дан астам ұғым мен терминнің анықтамалары қарастырылған. Соның ішінде өнеркәсіп, өңдеуші өнеркәсіп, өнеркәсіптік саясат, Индустрия 4.0, шикізаттық емес экспорт және өзге де өзекті ұғымдар қам­тылған. Қолданыстағы мемле­кеттік реттеу бүкіл жеке кәсіп­керлік субъектілеріне бағытталған. Алайда өнеркәсіп кәсіп­орын­дарына нақты назар аударыл­маған. Осыған байланысты жаңа терминдерді регламенттеу тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптас­тыру үшін құқықтық негіз жасамақ.

Заң жобасының басты жа­ңа­лығы – мемлекеттік ынталан­ды­рудың жаңа шараларын және инфрақұрылымның элемент­терін бекіту бойынша Үкіметтің құзы­ретін енгізу. Бұл мемлекеттік аппа­ратқа икемділік пен жеделдікті береді және бизнес үшін қажетті маңызды шешімдерді уақтылы қабыл­дауды қамтамасыз етеді. Мемле­кеттік ынталандыру өңдеуші өнеркәсіптің тиімді кәсіп­орын­дарына бағытталады. Бұл үшін басым тауарлар тізбесін қалып­тастыру және бекіту бойын­ша уәкілетті органның құзы­реті көзделген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: