Жаңалықтар тізбегі
0

Сотталып шыққан азамат грант алып, бизнесмен боп кетті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 03:57 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті
Сергей жол-көлік апатын жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылыпты.

Сотталған адамға жұмыс табу оңай емес. Бірақ Сергей осындай қиындықты жеңе білді. Ол көптен бері өзінің ойлап жүрген мақсатын жүзеге асыру үшін арнайы курстан өтіп, шағын бизнес бастау үшін грант ұтып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД өкілдерінің мәліметі бойынша Сергей жол-көлік апатын жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылыпты. Жазасын өтеп шыққан соң жұмысқа тұру үшін соттылығы көп кедергі болғаны рас. Бірде ол Түрксіб аудандық Пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Мирлан Ақсақаловпен әңгімелесіп отырып, жұмыссыз адамдарға бизнес бастау үшін мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарлама бар екенін біледі.

Мен өмірімнің көбін үлкен жүк көліктерін жүргізумен өткіздім. Еліміздің барлық жерінде және одан тыс жерлерде де болдым. Бірақ 2018 жылы қайғылы жағдай болды. Мен жол апатын жасадым. Тергеу қорытындысы мен соттың үкімі бойынша бас бостандығым мен жүргізуші куәлігімнен айырылдым. Алайда босап шыққан соң мен қалайда ақша табу және отбасымды асырау үшін көп ойланбай әртүрлі жұмыстар істедім. Ал, тегін курс оқып, өзіңнің кәсібіңді бастау үшін ақша алуға болатынын естігенде бірден сол курсқа тіркелдім. Мен ешқандай қам-қарекетсіз диванда жататын, ішімдікке салынатын, өзінің өмірін өзі талқан ететін адамдарды түсінбеймін. Қандай мүмкіндіктің болса да жалына жармасу керек деп ойлаймын, дейді Сергей.

Бұрынғы сотталған "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері" курсын онлайн форматта оқып, бітірді. Кәсіпкерлік дағдыларын үйренді, бизнес-жоба жасады, оны комиссияның алдында жақсы қорғап шықты.

Мен дұрыс шешім қабылдап, өз ісімді бастағаныма қуаныштымын. Негізінде мен бұрыннан ет ыстаумен айналысатынмын, ал қазір бұл іспен кәсіби тұрғыда айналысамын деп шештім. Қазір қаладағы 7 дүкенге өз өнімдерімді өткіземін, өзімнің сатып алушыларым пайда болды. Олар мені іздеп, қоңырау шалып тұрады, дейді Сергей.

Ол грант бойынша берілген ақшаға пеш пен шикізат сатып алған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 03:57

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 03:57

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: