Жаңалықтар тізбегі
0

Сыртқы істер министрі Түркі кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 16:00 ҚР СІМ
Кездесу барысында түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланды. Министр Түркі академиясының және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бюджеттеріне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаларға қол қойды.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды. 2019 жылы Елбасы аталған құрылымның Құрметті төрағасы болып сайланды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мүше, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Түркі академиясы да Елбасының бастамасымен 2010 жылы 25 мамырда құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен 2012 жылы 23 тамызда құрылды. Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: