Өлім жазасының күшін жоятын заң жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылды
24.kg
Мәжіліс 2021 жылдың 23 маусымына дейін бұл заң жобасының қорытындысын шығаруы тиіс.
Қазақстан өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабыл алады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман атап өткендей, өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына 2020 жылдың 28 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылды.
- Хаттама біздің еліміздің өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауға бағытталған. Комитет бұл заң жобасын қарау үшін қабылдауға және ол бойынша 2021 жылдың 23 маусымына дейін қорытынды шығаруға дайын, - деді депутат.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript