Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин құзырлы ведомстваларға ҚР газдандырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді тапсырды

angi.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 17:30 angi.ru
Сондай-ақ Үкіметтегі жиында 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі атап өтілді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы сайтының хабарлауынша, Энергетика министрі Н. Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндама жасады.

Қазақстанда әлемдік энергетика нарығындағы секілді энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерін өндіру мен тұтынуға қарағанда газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Биыл ҚР-да газ тұтыну 16,5 млрд текше метрге дейін өседі деп күтілуде (2019 жылы тұтыну көлемі 16,3 млрд текше метрді құрады). Ең алдымен, бұл электр энергиясын өндіру үшін 50% газ, коммуналдық-тұрмыстық секторға 36%, өнеркәсіпке 14% пайдаланатын тұтынушылар санының артуына байланысты.

Осы жылдың қорытындысы бойынша ҚР халқын газдандыру көрсеткіші 53% деңгейінде жоспарланған, 9,8 млн адам табиғи газға қол жеткізе алатын болады. 2025 жылы газдандыру деңгейі 2120 елді мекенді немесе 11,7 млн тұрғынды қосумен 60%-ға жетеді. Бұған "Сарыарқа" жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру, Шығыс Қазақстанды газдандыру, сондай-ақ өңірлік желілерді кеңейту және реконструкциялау ықпал ететін болады.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды. Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында Премьер-министр 2021 жылғы 1 наурызға дейін "Сарыарқа" газ құбыры жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптамаларды алуды тапсырды.

Сондай-ақ 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі атап өтілді.

Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкімдіктеріне газбен жабдықтау объектілеріндегі ақауларды жою және оларды кейіннен пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру үшін жергілікті бюджеттерден қажетті қаражатты қарастыру тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: