Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: "Астық туралы" заң жобасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 17:59 ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Астық мәселесі – ол бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ.

Мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген "Астық туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:

- Соңғы кезде пандемияға байланысты көптеген мемлекеттер шектеу режимдерін енгізді. Сауда-экономикалық байланыстар азайды. Бұл жағдай, әрине, азық-түлік мәселесіне де әсер етеді. Ал, астық мәселесі – ол бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ. Сондықтан, осы Заң жобасында қаралған астық қорларын сақтауды мемлекеттік қамтамасыз ету, осы саладағы оператордың мәртебесін анықтау туралы нормалар өте маңызды, бүгін өте керек нәрсе, - деді.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлік астығымен кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындау мақсатында әзірледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: