Жаңалықтар тізбегі
0

Мұз қалашығына 80 млн теңге бөлетін әкімдіктер халықты оятып келеді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 18:57 видеодан кадр
Билікке жеткен бейбақтар мемлекеттік сатып алудың майшелпегіне тоя алмай жатыр.

68 мың теңгелік маска, он мыңның антисептигі. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы қисынсыз цифрлар ашық ақпарат көздерінде қызу талқыланып жатыр. Қыстың қамын күйттеген шенеуніктер тіпті келер жылғы көліктерін де сайлап қойған. Оған бөлінген ақша да анау-мынау емес, 200 миллионның ар-жақ бер-жағы. Қоғам белсенділері мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратты әрбір қазақстандық игере білуі керек деп есептейді. Халық өз ақшасының қайда жұмсалып жатқанын білуі тиіс дейді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Құдды бір бәсекедей! Әңгіме мемлекеттік сатып алу сайтындағы керемет көліктер жайлы. 2021 жылдың қамын қарашадан ойлап қойған шенеуніктер ендігі жылы қара жаяу қалмайық деп қорқып отырған сыңайлы. Талғамдары да бірінен бірі өтеді. Ал ақшасы...

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бизнес класс автокөліктерге тапсырыс берген. Арғымақтың алтауына 44 миллион теңгені санап беруге дайын. Энергетика министрлігі де 6 машина үшін 44 миллион теңгесін сайлап қойған. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де басқа-басқа, автокөлікке келгенде ақша аямапты. 208 млн теңге. Осынша сомаға аталмыш машиналарды 2021 ден 23-ші жылға дейін айдайды. Премьер-министр канцелярясы келер жылға деп, 140 млн теңгеге бизнесс классты 11 автокөлік алмақшы. Жол талғамайтын авто пен седанның шыққан жылы 2009-дан кем болмауы тиіс. Маңғыстау облыстық әкімдігі бар-жоғы екі ай үшін бас-аяғы 40 млн теңгеге көлік жалдамақшы.

Арғымақтарды жалға алудан бөлек, олардың сумен, я болмаса ауамен жүрмейтіні белгілі емес пе? Күтімі мен жөндеуіне де қанша миллион жұмсалатынын өзіңіз бағамдай беріңіз.

Гүлбану Әбенова, журналист, қоғам белсендісі:

Ол үшін көп сауат керек жоқ. Ол ашық түрде сайтқа кіріп қарау әрбір азаматтық мүмкіндігі бар. Ол үшін ешқандай керемет білім де керегі жоқ. сындай бізде мемлекеттік органдар бар. Қаржының қалай жұмсалатынын тексеріп отыратын, қаржыны қалай жұмсап отырғанын. Бірақ мәжбүр болып отырмыз. Бәрі дұрыс уақытында төленіп отырса, бізде сұрақ та болмайтын еді.

Көптің көзіне күйік болған тағы бір мемлекеттік тапсырыс. Елордалық әкімдіктің мұз қалашығына бөлген 80 млн теңгесі. Желіде талқыға түскен қыруар қаражатты қалтасынан шығармаса да, көктемде еріп кететініне күйіп-пісіп жатыр жұрт.

Гүлбану Әбенова, журналист, қоғам белсендісі:

Мен ойлаймын 80 млн-ға мұз қалашығын ашады. 40 млн-ға да болатын шығар. 20 млн-ға ма оны істеуге болатын шығар. Неге ол 80 млн-ға шығады.

Қалашық демекші, мынау қостанайлық азаматтың мұздан емес, қу шөптен жасағаны. Бір қызығы, қай мезгілде де көрігін жоғалтпайтын туындыға ол көк тиын да жұмсамапты. Ал солтүстік қазақстан облысының әкімдігі вирустың "қызыл аймағында" тұрса да, бір топ блогерді өңірге алдырмақшы. Эпид ахуалды жақсартудың орнына 4 млн теңгені туризм жарнамасына жұмсамақ.

Сатып алу сайтындағы "қызық" цифрлар мұнымен шектелмейді. 68 мың теңгелік маска, он мыңның антисептигі, алты мыңның медициналық қолғабы да бар. Әйтеуір есепсіз, ағыл-тегіл ақша. Үнемдеудің ізі де байқалмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: