Жаңалықтар тізбегі
0

Биліктің 90% байлар. Партиялар қуыршақ. Депутаттар қорқақ – Ирак Елекеев

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 19:46 видеодан кадр
Бұл елде бәрі Ақорданың проектісі. Қазақстанда 156 бай бар, олар өз болашағын ғана ойлап отыр.

Ирак Елекеев – Атырау облысының тумасы екен. Ол Иманғали Тасмағамбетов болашақта президент сайлауына түседі деген ойын айтты. Бұл кісіні шақырып, сұхбат алған Nartay Aralbayuli деген youtube каналы.

Біздің елде әлі де қиын-қыстау замандар болады. Елбасының өзі ертең қиын жағдай туса, Тасмағамбетовтің көмегіне жүгінеді. Бұл жерде үлкен саясат жатыр. Латын әліпбиі оңай нәрсе емес, алып көршіміз Ресей тұрғанда. Содан шығар, Тасмағамбетовтың латын әліпбиі туралы айтқан пікірі.

Мамайдың партиясының артында Тасмағамбетов тұр деген әңгіме айтылып жатса – ол рас! Бұл елде тап-таза саясаткер жоқ. Тек Тоқаев болмаса. Тірі Елбасыға бүгін баға бере алмаймын, оны тарих шешеді деп ойлаймын.

Парламент пәрменсіз болып барады. Бұл сайлауға бару керек, дауыс беру керек. Бірақ мен Нұр-Отан мүшесімін, нұрын қойшы, Отан деген қасиетті сөз, соған дауыс беремін. Кеше қазақ неге Қосановқа дауыс бере жөнелді? Өзгеріс болса екен деді...

дегендей ойларын тастайды ол ортаға:

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: