Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжік еркектері SMS арқылы талақ айтып, ажыраса береді

Courtesy Photo, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 15:45 Courtesy Photo
Тәжікстанда былтыр 12,5 мың отбасы ажырасқан.

Тәжік парламентінің төменгі палатасында СМС-хабарлау арқылы талақ айтып ажырасатындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жобада заңды бұзғандарды үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тәжікстан заңдарына сәйкес СМС арқылы талақ айтып ажырасу заңсыз болып есептеледі. Елдің Мұсылмандар діни басқармасы азаматтарды мұндай тәжірибеден бас тартуға шақырып келеді.

Парламентте құжатты әзірлеп жатқан депутаттардың айтуынша, заң жобасы "адамдарды сөзсіз түрде еркінен ажыратуды" көздемейді.

"Негізгі мақсат жастарды отбасы мен балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақыру, көпшілік жағдайда мұндай ажырасулардың құрбаны болып жатқан әйелдердің құқығын қорғау. Соңғы жылдары телефон арқылы ажырасу тәжірибесін сыртта жұмыс істеп жүрген мигранттар көп қолданып жатыр", - деді депутаттардың бірі.

Тәжікстанда СМС арқылы талақ беріп ажырасудың дұрыс еместігі тоғыз жыл бұрын көтерілген. Онда елдің Дін істері бойынша мемлекеттік комитеті Ақсақалдар кеңесімен бірлесіп телефон арқылы ажырасуға тыйым салуға фатва шығарған.

Ресми мәліметтер бойынша Тәжікстанда былтыр 12,5 мың отбасы ажырасқан. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын 10 мың болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: