Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы күні – елдікке құрмет!

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 16:04 Алматы қаласы бойынша ҚАЖД
Елбасы күнін Алматыдағы түзеу мекемесі зор ықыласпен атап өтті.

1 желтоқсан – қазақстандықтар үшін ерекше күн! Бұл күннің Тұңғыш Президент күні ретінде белгіленуі тегін емес еді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет өзінің Тұңғыш Президентін сайлап, Мемлекет басшысын таңдаған күн болатын.

Тəуелсіз жаңа мемлекеттің негізін қалаған, еліміздің ішкі жəне сыртқы саясатын қалыптастырған, қазақ елінің шекарасын нықтап берген – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 2012 жылдан бері ресми мереке ретіне тойланып келе жатқан бұл күн Елбасыға деген, халықты бірлігіне деген зор құрмет. Осындай құрметті күн Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/6 түзеу мекемесінде де зор ықыласпен аталып өтті.

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Шарайна Құмарова және Айзада Қаршабекпен бірлесіп өткізілген "Елбасы күні – елдікке құрмет!" атты онлайн кеште сотталған балалар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің балалық шағынан бастап көшбасшылық тұлғасына дейінгі өмірбаянымен танысты. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері Елбасы жайлы жазылған және Тұңғыш Президенттің өзі жазған кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Одан әрі қарай кеш жазасын өтеуші жасөспірімдер даярлаған мерекелік концертке ұласты. Әсіресе жазасын өтеуші А.Овсянниковтың пианинода орындаған шығармасына сүйсінген балалар өз ризашылықтарын ду қолшапалақпен білдірді. Сонымен қатар "Қазақстан – менің елім!", "Елбасына", "Қазақ елі" сияқты Тұңғыш Президентке арналған өлеңдер оқыған сотталғандар, патриоттық әндер де орындады.

Кеш соңында сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы әділет майоры Алма Бәзілбаева жазалы жасөспірімдер арасында өтетін түрлі іс-шараларға үнемі бастамашы болатын Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұжымына алғыс білдірді

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: