Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин: толық цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2020 21:43 primeminister.kz
Премьер-Министр 2021 жылы Жерді ғарыштан мониторингтеу бойынша пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша таратуды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК және жер қатынастарын цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлік шаруашылықтарын цифрландыру тәжірибесі туралы агробизнес өкілдері — "Олжа Агро" ЖШС бас директоры Айдарбек Қожаназаров, "Атамекен Агро" АҚ басшысы Александр Фадеев, "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС басшысы Фарид Абитаев баяндады.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды жаңа бағдарламасында АӨК-тегі еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіріп, өнім экспортын екі есе ұлғайту міндеті қойылған, оның 70%-ы өңделген болуы керек. Сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1,3 есе ұлғайту қажет.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2020 21:43

Үкімет басшысы алға қойылған міндеттерге қол жеткізудегі басты құралдардың бірі — еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру екенін атап өтті, ол өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтуға, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 5 жыл ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 млрд теңге 100 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді цифрландыруға инвестицияланады.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы цифрландыру жиналатын астық пен мал шаруашылығы өнімін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлердің шығыны 15%-дан астамға қысқарады. Алдағы уақытта цифрландыру есебінен астық жинау жылына 25 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

Жер қатынастарын цифрландыру аясында жер телімдері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Үкімет Парламентке тиісті заң жобасын енгізді, ол көптеген қызметтерді электрондық форматқа көшіруге, жер телімдерін беру тәртібін жеңілдетуге және жалпы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға жол ашады. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы және цифрлық даму министрліктеріне, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде АӨК және жер қатынастарын одан әрі цифрландырудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Премьер-Министр 2021 жылы Жерді ғарыштан мониторингтеу бойынша пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша таратуды тапсырды.

Цифрлық даму, ауыл шаруашылығы министрліктеріне және әкімдіктерге келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру жөніндегі жұмысты аяқтау, жер учаскелерін ресімдеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және оларға құжаттар беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: