Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин: Мемлекет кәсіпкерлерді қолдау шараларын арттырады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 21:25 primeminister.kz
Үкімет басшысы импортты алмастыру және экспортты ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) екінші отырысы өтті, деп хабарлады zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Импортты алмастыру және "қарапайым заттар экономикасы" салаларын дамыту бойынша жобаларды іске асыру жұмыстарының барысы туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр және "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, кәсіпкерлік әлеуетті дамыту және тұрғындардың табысын көтеру мақсатында өңірлерге скрининг жүргізу қорытындысы туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Э. Жұмағазиев баяндады. Сонымен қатар ҚР бизнес қауымдастығының өкілдері түсінік берді.

Өткен айда "Қарапайым заттар экономикасы" жобалық офисіне 130-дан аса жаңа жоба келіп түсті, 1 трлн теңгеге жуық сомаға 227 жоба пысықталып жатыр. Ұсынылған бастамалар бойынша көш басында Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары. Артта қалғандар – Атырау, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары. Салалар бөлінісінде жобалар саны бойынша машина жасау (55 жоба), азық-түлік өнеркәсібі (37) және АӨК (35) көш басында. Бұл ретте сомасы жоғары жобалар химия өнеркәсібінде (324 млрд теңгеге) және құрылыс материалдары өндірісінде (116 млрд теңгеге) байқалып отыр.

"Атамекен" ҰКП өткізген өңірлер скринингі 2,2 млн үй шаруашылығын (10 млн тұрғын) және 788 мың кәсіпкерлік субъектісін қамтыды. Скрининг нәтижелері кәсіпорындардың кадрлық қажеттілігін (105 мыңнан аса адам), кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуға дайын белсенді тұрғындар санын (153 мыңнан аса адам) және басқа да параметрлерді анықтауға мүмкіндік берді.

Ведомствоаралық комиссия жергілікті өндіріс көлемін арттыру, қосымша жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың табысын арттыру үшін өңірлер скринингі қорытындысын іс жүзіне асыру мақсатында әкімдіктердің «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп өңір әкімінің орынбасарынан төмен емес деңгейде жобалық офис құру туралы шешім қабылдады.

ВАК импортты алмастыру бойынша жобаларды іріктеу регламентін бекітті. Атап айтқанда, АӨК және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа өндіріс құру немесе қолданыстағы өндірісті кеңейту бойынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 100 млн теңгеден кем емес, іске асыру мерзімі 5 жылдан аспайтын және басқа да өлшемдері бар инвестициялық жобалар қаралатын болады. Бұл ретте ағымдағы қарыздарды қайта қаржыландыру жобалары қарауға жатпайды.

Отырысқа қатысушылар ауыл шаруашылығы, химия, тоқыма, машина жасау және басқа да салаларда импортты алмастыру бойынша бірқатар нақты жобаларды қарады, олар барлығы 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға және 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы импортты алмастыру және экспортты ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

"Мемлекет бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларын кеңейтеді", — деді А. Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: