Жаңалықтар тізбегі
0

ОСК "Nur Otan" партиясының Мәжіліске ұсынған партиялық тізімін тіркеді

nurmedia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2020 21:59 nurmedia.kz
"Nur Otan" партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінде 126 адам бар.

2 желтоқcанда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған саяси партиялардың, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер және қаржы министрліктерінің өкілдері, бейнеконференция байланыс режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыста екі мәселе қаралды: "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" және "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы".

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімі 30 қарашада сағат 18.00-де аяқталғанын еске салды. Партиялық тізімдерді Орталық сайлау комиссиясына бес саяси партия ұсынды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Смағұлов Асылбек баяндама жасады.

Ол 2020 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына "Nur Otan" партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жылда тұруға; 25 жастан кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан тізімге енгізілген адамдардың саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан отыз пайызға аспайтын бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі.

Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

"Nur Otan" партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 пайызын құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сай келеді. Осыған байланысты, Ортсайлауком мүшелері "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады(", делінген хабарламада.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

2020 жылғы 20 қарашада Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан 29 байқаушыны аккредиттеді. 2020 жылғы 25 және 26 қарашада Сыртқы істер министрлігінің 10 байқаушыны аккредиттеу туралы ұсыныстары келіп түсті. Олардың ішінен: 6 байқаушы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясы құрамында; 4 байқаушы – Ислам ынтымақтастығы ұйымы миссиясынан аккредиттеледі.

Баяндалғанды ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясы "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады.

А.Щегорцова аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер жаңартылып отыратынын атап өтті. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 2021 жылғы 4 қаңтарда сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: