ШҚО-да шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды
Қазіргі уақытта өңірде КВИ ауруының біртіндеп төмендеуі байқалады. Бұл ретте індеттің алдын алуды, ерте анықтауды, тиімді емдеуді, вирус тасымалдаушыларын зертханалық зерттеуді, науқастар мен байланыста болған адамдарды оқшаулауды көздейтін кешенді іс-шаралар іске асырылуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, қазір Шығыс Қазақстан сары аймаққа шықты. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша вирустың таралу қарқыны 0,9%-ды құрады. Дәл осындай көрсеткіш бір апта ішінде анықталып отыр. СЭБД өкілінің мәліметіне сәйкес, облыста 166 мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Қазан айынан бастап 4 202 рейд жүргізіліп, 10 мыңнан астам нысан қамтылды. Оның ішінде 1,5 мыңнан астам объект карантиндік шараларды бұзғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 1230 айыппұл салынды.
- Эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Бірақ бүгінгі күні алдын алу шараларын жалғастыру өте маңызды. Олар инфекцияның таралу тізбегін бұзуға мүмкіндік береді. Сондықтан бүгін облыстың бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп атап өтті Талғат Тұңғышбаев.
Жаңа қаулыға сәйкес, енгізілген шектеу шаралары Шығыс Қазақстанның барлық аумағында 17 желтоқсанға дейін ұзартылды. Облыстың сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін 24 санитарлық бекеттің жұмысы жалғасуда. Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, енді санитарлық бекеттерде медицина қызметкерлері кезекшілік етпейді. Өйткені медициналық эпидемиялық бригадалар құрылды, олар бүкіл облыс бойынша науқастармен де, байланыста болған адамдармен де жұмыс істейді.
Санитарлық ережелерді сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істей алады. Алайда, демалыс және мереке күндері тыйым салынады.
Ғимарат ішінде орналасқан азық-түлік базарлардың және азық-түлік сатпайтын базарлардың сондай-ақ ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың жексенбі және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс істеу режимі сақталып отыр.
Жаңа қаулыда жұмыс күндері моншалар мен сауналардың жұмысына рұқсат етілген.
Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, аптаның күндері бойынша шектеусіз, ғимараттардан тыс азық-түлік базарларының қызметіне сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат етіледі.
Ғимараттан тыс мұз айдындары апта күндері бойынша шектеусіз, толымдылығы 50% - дан аспайтын жұмыс істей алады.
– Біз, халықты алдын алу шараларын сақтауға шақырудан жалықпаймыз. Атап айтқанда, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан аулақ болу және қатыспау, санитарлық нормаларды сақтау, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеу. Облыстың сары аймақта болғанына қарамастан, санитарлық шараларды сақтамаған жағдайда жағдай кез келген уақытта ушығуы мүмкін, – деді Талғат Тұңғышбаев.