Жаңалықтар тізбегі
0

Жуа жеп қойған: Жарсуат ауылындағы сиыр өлімінің себебі анықталды

yandex.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 14:46 yandex.kz
Егістік алқабында​ он үш мүйізді ірі қараның өлімі тіркелген болатын.

Атырау облыстық ​ мал дәрігерлік​ зертханасына жіберілген сараптама нәтижесінде сиырлардың өлімі шамадан тыс жуа жеу салдарынан орын алғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Индер аудандық ветеринариялық инспекциясы және ветеринариялық стансасының мамандары​ өлген малдарды​ ережеге сәйкес сойып, тексерген кезде ірі қара малдардың шамадан тыс мөлшерде жуа жеп, күпті болуына байланысты, ас қорыту жолдарының қызметі нашарлағанын және осы жағдайдың соңы өлімге әкеліп соққанын анықтап, қорытындылады. Зертханалық сараптау нәтижесі жануарлардың ішкі құрылысында нитрат, нитрит және алколоидтің қалыпты жағдайда екенін анықтады", дейді Индер аудандық әкімінің​ орынбасары Салауат Өтеғұлов.

Қазіргі таңда Индер аудандық әкімдігі егістік алқабындағы өнімін уақытылы жинамағынына байланысты, ​ жеке кәсіпкерге әкімшілік шара қолдану туралы аудандық прокуратура және облыстық жердің қорғалуы мен пайдалануын бақылау басқармасына хат жолдады. Сонымен қатар, ​ мал иелері келтірілген шығынды өндіру үшін​ сот органдарына шағымдана алады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Индер ауданы, Жарсуат ауылында Қурайлы сай каналы,​ Айдын учаскесіндегі егістік алқабында​ он үш мүйізді ірі қараның өлімі тіркелген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: