Жаңалықтар тізбегі
0

Салық жеңілдігі 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін қамтыды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 16:45 zakon.kz
Зардап шеккен секторлардағы кредит алған кәсіпкерлердің 80%-інің төлемі кейінге қалдырылды.

Ағымдағы жылы ШОБ-ты қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданды: салықтық ынталандыру; арзандатылған кредиттер мен оларды кейінге шегеру; әкімшілік жүктемені азайту; бизнес-ахуалды жақсарту (8-пакет); бизнес мәселелерін жедел шешу. Бұл туралы 4 желтоқсанда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенаттағы тыңдауда баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰЭМ мәліметінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан үш жылға босатылған.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандырулар ұсынылып, бизнесті жүргізу жағдайын одан әрі жеңілдету бойынша шаралар қабылданды.

Бизнес экономиканың зардап шеккен салалары бойынша еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдерден жарты жылға босатылды.

Жыл соңына дейін әлеуметтік төлемдерден, соның ішінде зейнетақы жарналары мен МӘМС-тен босату мерзімі ұзартылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС ставкалары 12%-тен 8%-ке дейін уақытша төмендетілді.

Жыл соңына дейін ШОБ-тың ең осал секторлары үшін мүлік салығының және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығының мөлшерлемелері нөлдендірілді.

Дәленов салық жеңілдігі 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін қамтығанын жеткізді.

Қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бизнесті қолдау бағдарламаларына бірқатар өзгерістер енгізілді: проценттік мөлшерлеме 6% деңгейінде біріздендірілді; «БЖК» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды; микрокредиттеу енгізілді; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 1 трлн.теңгеге артты. 8% мөлшерлемемен кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы әзірленді.

Экономиканың зардап шеккен салаларында ШОБ кредиттері бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау басталды.

Зардап шеккен секторлардағы кредит алған кәсіпкерлердің 80%-інің төлемі кейінге қалдырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: