Жаңалықтар тізбегі
0

Қоғам ашулы. Бұл сайлауда бұрмалау болса, арты шатақпен тынуы мүмкін

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2020 21:55 видеодан кадр
2020 жылғы Қазақстан қоғамы – ол 2010 немесе 2000 жылғы Қазақстан қоғамы емес. Халық өзгерді, қоғам өзгерді.

Енді 35 күннен соң мәжілістің табалдырығын бұрын парламентте отыру түстеріне де кірмеген су жаңа депутаттар бісміллә деп аттауы мүмкін. Бұл соңғы 16 жылдан бері тұңғыш рет өз мерзімінде өтетін саяси науқан. Саяси өмірі самарқау сабырлықпен астасып жатқан Қазақстан үшін расымен қызық сайлау болатын сияқты, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл жолғы науқанның басты 3 жаңалығы бар.

1. Ол Парламенттік оппозиция. 2. Әйелдер мен жастарға квота. 3. Жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау – пропорциналды негізде.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Парламенттің қазіргі орташа жасы 50-60 жас болатын болса ендігі қазіргі жастар әйелдерге берілетін квотаның негізінде парламент жасарады.

Оппозициялық күштер көшеде шерулетпей, билікке биік мінберден бәсекелес болуы керек.Бұл саяси плюрализмнің басты қағидаларының бірі. Бірақ елдегі оппозициялық Жалпұлттық Социал Демократиялық партиясы биыл да сайлауға қатысудан бас тартты. Енді сұрақ. Парламенттік-Оппозиция кім бола алады?

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Ауыл партиясы мен Адал партиясы осы алдағы бір айда үгіт насихатын кең жүргізетін болса осы партияларға жаңағы өзіңіз айтқан оппозициялық блокқа кіруге мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Сарапшының айтуынша, ауылдағы ағайынның бұйымтайын мәжіліс мінберінен көтерсең, үкіметтің құлағына тез шалынады. Ал Адал қазір күйзеліп жатқан кәсіпкерлердің мүддесін күйттегендіктен оппоненттер қатарынан табылады. Сонымен ғайыптан тайып парламентте оппозициялық күштер отырса олардың келесідей мүмкіндіктері бар.

Бір сессия яғни жыл ішінде кемі бір рет парламент тыңдауларын өткізуге бастама көтеру. Осы уақытта кемінде екі рет үкімет сағаттарын шақыруға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ фракция жетекшісі мен партия төрағасына парламенттің пленарлық, палаталардың бірлескен және комитет отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен жұмыс топтарында шектеусіз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.

Қазбек Майгелдиновтың айтуынша билік партиясының орталық аппараты заманауи, ал өңірлерде науқаншылдатып жіберу үрдісі әлі де бар. Енді осы олқылықты толтырудың бір жолы мәжілісте ғана емес, мәслихаттарға да өзге партиялар кіруі тиіс.

Есенжол Әлияров, саясаттанушы:

Жаңадан келген президенттің кезіндегі бірінші үлкен науқан. Өткен науқандарға қарағанда өзгешелігі жаңағы мәслихаттарға да пропорционалдық жүйесі.

Жергілікті мәслихаттарда саны аз болса да әйтеуір әй дейтін әже, қой дейтін қожа керек. Мәжіліске де. Сонымен кандидаттар санына келсек.

Нұр Отан – 126, Қазақстанның халықтық партиясы – 125, Ақжол – 38, Адал – 20, Ауыл – 19.

Тек қоныштан баса отырып нәтижені бұрмалау, дауыс ұрлау сияқты әрекеттер қайталанбаса игі еді деген үміт көптің көкейінде.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Көзі ашық көкірегі ояу азаматтар шын мәнінде адал, ашық әділ сайлау өткізуге атсалысатын болса, бұл жаңағы өзіңіз жоғарыда айтқан бұрмалаушылықтардың төмендеуіне алып келеді.

Есенжол Әлияров, саясаттанушы:

Көршілес елдерде кейбір кезде бізге дұрыс көзбен қарамайтында. Осылай қырғыздарда сайлау болды, арт жағы шатақпен бітті. Белоруссияда сайлау болды, ол да шатақпен бітіп отыр. Менің ойымша біздің елдің көзқарасы, сайлаушылардың сабырлығы, толеранттығы бар сияқты. Сол себептен менің ойымша заңды, тәртіпті болады.

Тәртіпті болады, бірақ талап та күшті болуы тиіс. Бұл халық алдындағы жауапкершілікпен қатар партиялардың өздеріне деген талап.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

2020 жылғы Қазақстан қоғамы ол 2010 немесе 2000 жылғы Қазақстан қоғамы емес. Біздің халық өзгерді, қоғам өзгерді. Мысалы соңғы кезде белсеніп шыққан партиялардың кейбіріне сұрақты қойып жатыр, сіздер бұрын қайда болдыңыздар, неге шықпайсыздар деген секілді. Қазір кім жұмыс істейді, қай партия халықпен етене араласады, сол партия жеңіске жетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: