Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин: бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2020 19:07 Ж.Құспанов
Әсіресе, бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққанын білеміз.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:

- Осы бұқаралық спортты дамыту - біздің болашағымыз үшін, оның ішінде, жастарымыз үшін өте маңызды. Себебі, бүгінгі осы еліміздің абыройын көтеріп жүрген олимпиада және әлем чемпиондары бұқаралық спорттан шықты. Әсіресе, бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққанын білеміз. Сондықтан, спорт нұсқаушыларының жалақысын көтеру, олардың жұмыстарын ұйымдастыру Спорт министрлігінің басты міндеттерінің бірі болу керек, - деді.

Енгізілген жаңа нормалар бұқаралық спортты дамытып, дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобада жүріп-тұруы шектеулі адамдардың дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік беретін нормалар да қарастырылған.

Сондай-ақ, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін құру, білім беру бағдарламаларына ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті шартты енгізу ұсынылады. Бұл нормалар дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: