Алдағы 3 күнде қар жауып, күн суытады
Sputnik / Алексей Мальгавко
2020 жылғы 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы.
Қазақстанда 10-12 желтоқсанда қар және температураның төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік-батыс антициклоны жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ел аумағы бойынша ауа температурасының төмендеуіне алып келеді.
Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады деп күтілуде. Шығыста онкүндіктің басында қатты қар жауып, жел күшейіп, боран соғады.
Кей жерлерде тұман және көктайғақ байқалады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript