Жаңалықтар тізбегі
0

Генерал Кудебаевтың эфиріне қаза тапқан полицейдің анасы кірді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2020 21:21 видеодан кадр
"Мықты офицер өсіргеніңіз үшін алғыс айтамын", деді ол.

Бүгін әлеуметтік желі арқылы халықпен онлайн кездескен Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаевқа қызмет барысында қаза тапқан полиция полковнигі Айдын Асқарбаевтың анасы қоңырау шалды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір қылмыстық істің тергелуіне қатысты хабарласқан қарт анаға көңіл айтқан бас полицей "өз ісінің кәсіби шебері, нағыз патриот" бала тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

"Полиция полковнигі Айдын Асқарбаев өз білікті маман болған. Әртүрлі бөлімшелерде басшылық қызметте болған ол үздік нәтижелерге қол жеткізуші еді. Өкінішке орай, қызмет жолында көлік апатынан қайтыс болды. Біз оны ұмытпаймыз, құрмет тұтамыз!", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы болған Айдын Асқарбаев 2016 жылы көлік апатынан қайтыс болған. Оның жарқын бейнесін есінен шығармаған әріптестері оның жолдасы Үмітке биыл "Офицер жұбайы" медалін таққан. Қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасына Полиция департаментінің тарапынан үнемі көңіл бөлінетінін атап өту қажет.

Тікелей эфирде тілдескен соң полиция басшысы кейуананың мәселесін өз бақылауына алатынын айтып, қоластындағыларға тиісті тапсырмалар берді.

Мемлекет Басшысының "Халық үніне құлақ асатын үкімет" қағидатына сәйкес Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев апта сайын әлеуметтік желі арқылы халықпен онлайн кездесу өткізуді жұмыс тәртібіне енгізген. Жұма күні облыс тұрғындары өңірдің бас полицейіне тәртіп сақшыларының жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін айтып, тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болды.

Ведомство басшысына қойылатын сұрақтардың басым бөлігі жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті орнату және қылмыстардың тергеу ісі жайлы болуда.

"Бұған дейін генералмен тікелей эфир барысында Талдықорған қаласының тұрғындары қала көшелеріндегі, әсіресе орталықтағы Шевченко көшесіндегі қозғалыс, көліктердің заңсыз тұрағы проблемасын көтерген. Аталған мәселені полиция генералы өз бақылауына алып, тәртіп орнатылды. Бүгінгі кездесуде Алмасбек 692 есімді әлеуметтік желіні қолданушы генералға ризашылығын білдіріп, полицейлердің жұмысына табыс тіледі", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тікелей эфир барысында тұрғындардан 80 астам сұрақ пен өтініш түсті. Кейбір мәселелер мен тергеу ісіне тұрғындар күмән келтірген қылмыстық істер облыстық ПД аппараты қызметкерлерінің бақылауына алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: