Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы тағы да өсіп жатыр

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2020 17:42 Pixabay
Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бір баррелі 50,34 долларға дейін өсті.

Қор биржасында 14 желтоқсандағы сауда-саттық кезінде мұнайдың әлемдік бағасының өсімі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

RT агенттігінің хабарлауынша, WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,67% көтеріліп, бір баррелі 46,88 долларды құрады. Brent маркалы мұнайдың ақпанда жеткізілетін фьючерстері 0,74% өсіп, бір баррелі 50,34 долларды құрады.

Бағаның өсуі әр түрлі факторлармен байланысты екені айтылады. Оған қоса, мамандар бағаның әлі де өсетінін болжайды.

- Атап айтқанда, батыстық сарапшылар нарықты артық мұнай емес, керісінше мұнаймен қамтамасыз етуде тапшылық күтіп тұр деп санайды, - дейді Альпари ХАК басшысының орынбасары Наталья Мильчакова.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: